582px-Kazakhstan_National_Emblem
ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі

Басшылық

Жеңіс Сейдуллаұлы

Директор

Жеңіс Сейдуллаұлы — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры (2018 жылдан бастап), «Құрмет» орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007). Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2018). Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры.
1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Білімі
1978-1982 – Шымкенттік музыкалық училище, «Музыка теориясы» бөлімі, «Хор дирижері» мамандығы
2000-2005 – Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» университеті, «Экономика және менеджмент» бөлімі, «Экономист» мамандығы;
2012 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі.

Еңбек жолы
1984-1987 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің оркестр әртісі;
1989-1994 – Сүйінбай атындағы Облыстық филармония оркестрінің әртісі;
1994-1997 – «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері;
1998-2004 – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншісі және ұйымдастырушысы;
2005- «Отан» Республикалық саяси партиясының Орталық аппаратында «Идеология» бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2006-2013 – «Қазақ әуендері» АҚ филиалы «Гүлдер» ансамблінің директоры;
2013-«Қазақ әуендері» АҚ Алматы қаласындағы Аймақтық директоры;
2013-2014 – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры;
2014-2016 «Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры;
2016-2018 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры;
2018-2022 «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек етті.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры

Жетістіктері
2006 жылы 8 желтоқсанда елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
2007 жылы Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
2010 жылы Қазақстанның «Еңбек ардагері» медалі
2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2015 жылдың 3 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Құрмет ордені мен марапатталды.
2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі
2015 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданының құрметті азаматы атағы
2015 жылы «Қазақ хандығына 550 жыл» алтын медалі
2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалі
2018 жылы «Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл» мерекелік төс белгісімен марапатталған.
2019 жылы ҚР Президентінің жеке алғыс хатымен марапатталған.

Директордың оқу ісі және оқу әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары

Білімі:
2002-2006жж. – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі – «Музыка теориясы» мамандығы, «Балалар музыкалық мектебі оқытушысы, жалпы фортепиано оқытушысы» біліктілігі, үздік диплом;
2006-2010жж. – Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық консерваториясы – «Музыкатану» мамандығы, «Музыкатанушы, оқытушы» біліктілігі, үздік диплом;
2012-2014жж. – Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университеті –Педагогикалық ғылымдар магистрі.

Жұмыс тәжiрибесi:
2008-2012 жж – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі музыкалық-теориялық пәндер оқытушысы;
2012-2016 жж. – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі «Музыкалық-теориялық пәндер» ПЦК меңгерушісі;
2016 ж.-2020 – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Директорының оқу-әдістемелік бірлестік бойынша орынбасары;
ІХ-ХІ 2020 ж. – Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледжі жетекшісінің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
19.11.2020 ж. бастап Ж.Елебеков ат. Республикалық эстрада-цирк колледжі директорының оқу ісі және және оқу-әдістемелік бірлестік бойынша орынбасары

Директордың тәрбие және шығармашылық жұмысы жөніндегі орынбасары

Ташпенов Дәурен Маратұлы 1985 жылы 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары.

2002 жылы Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебін тәмамдаған соң, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Халық аспаптарында орындаушы (Домбыра)» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2019-2021 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Халық аспаптары» мамандығы бойынша білімін жалғастырып, «Өнертану ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесін алды. 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінде оқытушы ретінде бастады. Сондай-ақ Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда оркестр артисі қызметін атқарды. 2014 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат және колледжінде оқытушы, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде артист болып жұмыс істеді.

2021 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің концерт залының басшысы қызметін атқарды. 2022 жылдан бері Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінде директордың тәрбие және шығармашылық жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді.

 

Директордың шаруашылық және әлеуметтік жөніндегі орынбасары

Селтаев Бегалы Кудайкулович 1987 жылы 12 қарашада қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қоңыртөбе ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары.

1994-2005 жылдар аралығында №26 Қоңыртөбе орта мектебінде оқып, 2006-2010 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қаржы-экономика факультетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдады. 2007-2009 жылдары осы университеттің әскери кафедрасында білім алып, «Сержант» атағын иеленді. Қазіргі әскери атағы – «Лейтенант». Әскери міндетін орындауға қабілетті.

Еңбек жолы 2010-2012 жылдары «Жонкабаев» жеке кәсіпкерлігінде экономист-бухгалтер қызметінен басталды. 2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары «Bolai Construction» ЖШС-де бас экономист болып, 2017-2018 жылдары сол компанияда қаржы-экономика бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

2018 Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінде бас экономисті.